Мен жамандықтан қорықпаймын

АҚШ президенттігіне кандидат Эмануэль Пастрейхтің кітабының алдағы аудармасын жариялау

«Мен жамандықтан қорықпаймын»

 Шайқасқа малынған және сыбайлас жемқорлыққа уланған 2020 жылғы президенттік науқанның ортасында, бір ғана үміткер қоғамымызға сіңген ыдырауды мызғымас ғылыми дәлдікпен ашып айтуды көздеді. Эмануэль Пастрейх, саяси партиялардың соғысушы қылмыс синдикаттарына айналған кезінде, тек тәуелсіз кандидат ғана президент бола алады деп мәлімдеді. Ол бірнеше шешендік сөздерінде, бізге өз ұлтымызды дамыту бойынша нақты жоспар ұсынады, біз пассивті тұтынушылар емес, іс-әрекетке қабілетті азаматтармыз деді.

Пастрейх кінәні қандайда бір адамға немесе топқа тағудан бас тартады, бірақ Конституция рухына оралып, фирмалар, инвестициялық банктер, саясаткерлер мен өзін-өзі тағайындайтын сарапшылардың легиондарының таяз қабіріне көмілген, Фредерик Дуглас және Авраам Линкольннің тиімді басқаруларының этикалық негіздерін ашуды ұсынады.

Бұл кітап, Эмануэль Пастрейхтің өзін ақпан айында (2020 ж.) АҚШ президенттігіне тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға қатысу ниеті туралы алғашқы хабарламасынан кейін айтқан, бірнеше сөз сөйлеулерінен тұрады. Ол сөз сөйлеп, еліміздегі моральдық шіріктің зардаптарын әсіресе қатты тартып отырған американдықтармен кездесті. Олардың қатысуымен және олардың көмегімен ол Америка Құрама Штаттары үшін жағымды бағытты анықтай бастады. Бұл болашақта қауіпті тұтыну мәдениеті, өндіру және ұлтты қорқынышты вирус сияқты басып алған және қауіпті паразиттермен күшейтілген соғыстан бас тартуға көмектесетіні күмәнсіз.

Эмануэль Пастрейх соңғы екі онжылдық ішінде, климат және биоәртүрліліктің күйреуі, жаңа технологияның адамзат қоғамына апаттық әсері, байлықтың шексіз шоғырлануы және жаһандық қару жарысына мән беретін, дипломатия мен қауіпсіздік саласындағы рационалды американдық саясаттың жетекші дауысы бола алды.

Пастрейх өз еңбектері мен сөйлеген сөздерінде Франклин Д.Рузвельт және Адлай Стивенсон ұстанған интернационализм дәстүрлерін қалпына келтіруге тырысады.

Ол өткен жылдары корпорацияларға берілген триллиондарды қайтаруды, Amazon және Facebook сияқты конгломераттарды реттелетін кооперативтер ретінде жұмыс істеуін және қазба байлықтарды өндіретін корпорациялардың активтерін дереу тәркілеуді және олардың иелері мен әкімшілеріне, үкімет пен азамттарға климаттың өзгеруі туралы жалған ақпарат бергені үшін қылмыстық іс қозғауды талап етеді.

Кәріс, жапон және қытай тілдерін жетік білетін азиялық сарапшы Пастрейх, өзінің мансабын 1998 жылы, Иллинойс штатындағы Урбана-Шампейн университетінің профессоры ретінде бастаған. Қазіргі уақытта ол Вашингтон, Сеул, Токио және Ханойда орналасқан дипломатия, қауіпсіздік және технологияларға бағытталған сараптама орталығы болып табылатын, Азия институтының президенті.

Эмануэль Пастрейх

«Мен жамандықтан қорықпаймын»

Осылайша президенттікке шынымен тәуелсіз үміткеріміз болу қажет

Азия институты

Қазақ халқының терең де абыройлы мәдениеті тамырымен өткен дәуірлерде жатыр. Сіздің халқыңыз Парсы, Үндістан, Түркия, Қытай және басқа да елдердің мәдениеттерін біріктірген және Шығыс пен Батысқа жаңа музыка мен өнер, жаңа философия мен әдебиетті енгізген Жібек Жолында маңызды буынды қалыптастырды. Мен ежелгі Жібек Жолы туралы Азияны зерттеген, студенттік кезімде білдім және бұл мені шабыттандырды.

Өкінішке орай, батыл және лайықты қазақ халқы көбінесе ірі державалардың құрбаны болды, теңізге шығысы жоқ ірі мемлекет ретінде қанауға ұшырады және өз елінде, әлемде де өзінің әлеуетін толықтай пайдалануға мүмкіндік ала алмады.

Бүгін «Жібек Жолы» және Орталық Азияның жаңа әлеуеті туралы естігенде, бұл сіздің даңқты мәдениетіңізге ешқандай қатысы жоқ сияқты көрінеді. Бар болғаны, ежелгі Жібек Жолының керемет мәдениетін бүлдіретін Еуропа, Қытай немесе АҚШ-тан жеткізуге асығыс қауіпті тұтыну мәдениеті.

Жоқ! Бұл жаңа «Жібек Жолы», қасиетті топырағыңыздың астындағы мұнай мен газ, көмір мен темір, мыс пен вольфрам туралы. Бұл өте ауқатты адамдардың шағын тобын құру және көптеген азаматтардың экономикалық тәуелсіздігін жою туралы.

Бұл пайдалы қазбаларды сол жерде қалдырған және менмен қазақ халқына дәстүрлерін ұстануға мүмкіндік берген жөн; бұл қоршаған ортаны улайтын, тек шағын кісілерге байлық әкелетін, біз түсінбейтін технологиялар мен экономикаға тәуелді ететін және халық, мәдениет немесе таулардағы осы керемет оазистің әдемі пейзаждарына қызығушылық танытпайтын шетелдік мүдделерді Қазақстанға шақыратын ресурстарды пайдаланудан гөрі жақсы.

Менің әкімшілігім сізге Қазақстанмен жаңа қарым-қатынас ұсынады. Біз сізді теңдей көреміз. Біз сіздің адамдарыңызбен тікелей жұмыс істейтін боламыз, сонымен бірге біздің және сіздің азаматтарыңыз арасындағы диалогты қолдаймыз. Сіздің бастауыш сынып оқушыларыңыз біздің оқушылармен, сіздің суретшілеріңіз бен жазушыларыңыз біздікілермен кездескенін қалаймыз және біздің сарапшыларымыз бен қарапайым азаматтарымыз, қазақтың ежелгі даналығына қалай қайта мән беруге болатынын, Жеріміз үшін одан да жақсы және орнықты, неғұрлым адал және тұрақты болашақ құруын ойластырғанын қалаймыз.

Инвестициялық банктер мен олар қаржыландыратын сарапшылар, трансұлттық корпорациялар, мұнай компаниялары мен тау-кен компаниялары бұл диалогта ешқандай рөл атқармайды. Егер ұзақ мерзімді ғылыми бағалау негізінде, қасиетті еліңіздің топырағы астындағы элементтерін пайдалану жолын тапсақ, біз оны бәріне пайдалы болатындай етіп жасауымыз қажет.

Мен нағыз демократиялық Америка Құрама Штаттарын құруға тырысып жатқан жолымда еліңіз және оның мәдениетінен үйренгім келеді. Мен сізге кішіпейілділік және құрметпен келіп тұрмын. Америка Құрама Штаттары қауіпті көпұлтты державалардың қол астында болуына тым ұзақ уақыт бойы жол берді. Енді біз қазақ халқымен бірігіп, асыл Жерімізде жаңа тәртіп орнатамыз. Мен құрметті қазақ халқын бүгін маған қосылуға және асыл даналығымен бөлісуге шақырамын.

Құнды назарыңыз үшін рақмет.